Артқа
Артқа

Азаматтар 2024 жылы қаралатын емханасын қазір ауыстыра алады

Жыл сайын өтетін науқан екі ай бойы, 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін созылады. Осы жолы қазақстандықтар бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 1935 ұйымның біріне тіркелуге мүмкіндік алмақ. Атап айтар болсақ, 710 мемлекеттік және 1225 жекеменшік клиника. Биыл қандай өзгерістер мен жаңашылдықтар бар? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ең өзекті сұрақтарға жауап берді.

Емханасын ауыстырғысы келіп жүрген азаматтар тіркеу науқаны кезінде бұл мүмкіндікті пайдалана алады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 15 минуттық жерде орналасқан емханаға тіркелуді ұсынады. Бұл ең алдымен пациент үшін әрі дәрігерді үйге шақырған кезде тез келуіне ыңғайлы. Мұны, әсіресе кішкентай балалары бар отбасылар, жүкті әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар, дәрілік терапияда немесе клиникаға жиі баруға мәжбүр пациенттер ескеру керек. Бұл ретте таңдаған медициналық ұйым алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болуы тиіс. Мекемелердің тізімін Қордың fms.kz сайтында «Клиниканы таңдау» бөлімінен көруге болады.

Айта кетерлігі, пациент жаңадан тіркелген емханасында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды, яғни 31 желтоқсанға дейін бұрынғы емханасына барады.

Ал емханаға тіркеу науқанына қатыспаған азаматтар бұрын өзі қаралған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымда тіркелген күйі қалады.

Емханаға қалай тіркелуге болады?

Емханаға тіркелу жолдары өзгерген жоқ. Оның 2 түрлі тәсілі бар. Біріншісі – egov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркеу» қызметін пайдалану керек. Ол үшін сайтта авторизациядан өтіп, қызмет түрін таңдап, ашылған бетті толтыру қажет. Осы ретте сізді қызықтыратын емхананың учаскелерінде бос орындардың бар-жоғын алдын ала нақтылап алған абзал.     

Екіншісі – емханаға барып, өтініш жазу арқылы тіркелу. Айта кететін жайт, бұл тәсілді зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандар, студенттер, әскери борышын өтеп жатқандар, шетелде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтіндер, жетімдер, сәбилер, қарттар үйіндегі жандар, ерікті және жүктелген медициналық сақтандыру шарты бойынша тіркелгендер пайдалана алады.

Шетелдік азаматтарды емханаға тіркеу ережелері өзгерді

Биыл еңбек мигранттары – шетелдіктерді және олардың отбасы мүшелерін (балалары мен жұбайларын), ЕАЭО-ға мүше елдердің (РФ, Беларусь, Қырғызстан, Армения) бірінің азаматтығы бар, ҚР-да уақытша тұратындарды емханаға тіркеу ережелері өзгерді. Енді алғашқы медициналық санитарлық және шұғыл стационарлық көмек алу үшін шетелдік азаматтардың ерікті медициналық сақтандыру шарты немесе жүктелген медициналық сақтандыру шарты болуы тиіс. Олар шарттың қолданылу мерзімінде емханаға тіркеліп, кейін автоматты түрде медициналық ұйымнан шығарылады. Жаңа ережелер осы жылдың 14 тамызынан бастап күшіне енді.

Егер сіздің қосымша сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз: fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы @SaqtandyrýBot, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Азаматтар мәртебесін келесі қосымшалар арқылы тексере алады:

• Qoldau 24/7   мобильді қосымшасы

• fms.kz ресми сайты

• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

• 1414 байланыс орталығы

• Damumed мобильді қосымшасы.

• Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары – Kaspi.kz, Halyk, Bcc.kz.

Сондай-ақ, Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады. 

14.09.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНЫЙ СОВЕТ ФСМС: ДОСТИЖЕНИЯ И ПЛАНЫ
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің ағымдағы құрамымен соңғы отырысы өтті. Шарада 2024 жылдың алдын ала жұмыс қорытындылары шығарылып,  Қордың ахуалдық-талдау орталығының қызметі таныстырылды. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
25.12.2024
СКОЛЬКО ПЛАТИТЬ НА ОСМС В 2025 ГОДУ
2025 ЖЫЛЫ МӘМС-КЕ ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
24.12.2024
ЗАПУСК СУР: КОМУ ЭТО ВЫГОДНО И КАК БУДЕТ РАБОТАТЬ
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ: БҰЛ КІМГЕ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Медициналық ұйымдарды тәуекел аймақтарына бөледі. Олардың үштен екісі «жасыл дәлізге» кіреді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында бұның қандай нәтиже беретінін түсіндірді.
20.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу